«Ертегі әлемі» Book-taim (кітап уақыты)
16.03.20222022 жылдың 16 наурыз күні Балалар жылына орай «Ертегі кейіпкерлері шақырады» жобасы аясында «Ертегі әлемі» Book-taim (кітап уақыты) ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Шараға 160 орта мектебінің 4-сынып оқушылары қатыстырылды. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады-деп А.Мұстафаева мәлімет беріп өтті. Шарада өздерінің ертегілерінен түсінік айтып,суретте бейнеленген ертегі кейіпкерлерін тауып, сол ертегінің мазмұнын айтып шықты. Қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Кітапханашы жаңадан келген балаларға арналған кітаптармен таныстырып шықты.