«Әз Наурыз желмаясы ізгіліктің…» атты тақырыпта әдеби музыкалық кеш
18.03.20222022 жылдың 18 наурыз күні №2 Кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен №169 орта мектепте сол мектептің 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Әз Наурыз желмаясы ізгіліктің…» атты тақырыпта әдеби музыкалық кеш болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Шара барысында кітапханашы Наурыз жайлы біршама мағлұмат беріп, «Армысың әз Наурыз» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқушылар «Қош келдің Наурыз», «Ұлттар достастығы», «Тұлпарым», «Мен қазақпын» атты өлеңдерін жатқа айтып, «Алдар көсе мен бай» рөлін сомдап шықты.