«Ертегілер әлемінде» саяхат-шоу

11.04.2022 Выкл. Автор editor
«Ертегілер әлемінде» саяхат-шоу

11 сәуір күні 2022 жыл — Балалар жылына орай, «Ертегі кейіпкерлері шақырады» жобасы аясында,  «Нұрай-Қыдыр»  балабақшасының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерінің  қатысуымен «Ертегілер әлемінде» атты саяхат-шоу өткізілді. Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегі кітаптарға деген  қызығушылығын арттыру.

Шара барысында кітапханашы кітапхана қорындағы балаларға арналған қызықты «Аюлар отбасы», «Теңіз қарақшылары», «Көліктер» т.б кітаптарымен   таныстырып, «Түлкі мен Қоян» ертегісінен қуыршақтар қойылымын көрсетті. Балалар да өз өнерлерін көрсетіп, тақпақ оқып берді және «Үйшік» ертегінен қуыршақтар қойылымын қойып,  «Өз елім» әнін хормен орындады.