«Туған өлке тарихы-ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмесі

07.04.2022 Выкл. Автор editor
«Туған өлке тарихы-ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмесі

 

7 сәуір күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге» тағызым жобасы аясында «Туған өлке тарихы-ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Туған елін, жерін қорғау әр бір адамзаттың борышы дей келе кітапханашы Ә.Сағатқызы оқушыларға қарт қаратаудың бөктерімен Сыр елінің сұлулығын баян етті. Туған өлкеміздің табиғатын осынау кең байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы мен малға толы өрісі бар Жер жәннаты Жаңақорғанның сұлулығын сөзбен жеткізе алмаймыз. Көрмеге А.Сопыбековтың «Жаңақорған», Р.Рүстемовтың «Жадымдағы жазбалар», Қ.Әбдуовтың «Ауыл атауының ақиқаты», «Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары» атты кітаптарына шолу жасады.