«Өмірге риза болып, алғыс айт!»
30.03.2022
Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Алғыс айту” күніне орай ” Өмірге риза болып, алғыс айт” атты онлайн форматта өнеге сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,
үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту,
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Шарада оқушыларға кітапханашы «Алғыс айту» жайлы түсініктеме берді. Оқушылар ата-анаға, ұстазға «Алғыс айтамын» атты челленджды жария етті. Кеш қонағы клуб үйінің сүйемелдеушісі Ж.Түменбаева «Жақсы адамдарым» атты әнін орындады. 5 сынып оқушылары Шәкәрім мен Мағжан «Балбырауын» күйін орындады.