» Төрлет, төрлет Наурыз» атты мерекелік шара

18.03.2022 Выкл. Автор editor
» Төрлет, төрлет Наурыз» атты мерекелік шара

2022жылдың 18 наурыз күні Төменарық ауылында » Төрлет, төрлет Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

Шараның мақсаты жастарға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Шарада Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұсау кесу» рәсімі өтті.

Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Шарада қараша үйлер тігілді, қазақ салт-дәстүрлері, ән, билер, қазақ ойындары орындалды.