«Наурыз мәңгілік ел салтанаты» атты кітап көрмесі

19.03.2022 Выкл. Автор editor
«Наурыз мәңгілік ел салтанаты» атты кітап көрмесі

19 наурыз күні Жаңақорған ауданының орталық алаңында шара ұйымдастырылды. Шарада аудандық орталық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі  «Наурыз мәңгілік ел салтанаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырды..

Мақсаты: Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы  және халқымыздың  салт –дәстүрін бойларына дарыту арқылы  адамгершілікке  тәрбиелеу,  оларға ұлттық құндылықтарымызды  таныту.

Аудан өнерпаздары сахналық көрініс арқылы театрландырылған қойылым көрсетіп, жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер көрсетіп, әншілер ән салып, бишілер мың бұрала биледі. Мерекеге сай безендірілген сахнаның жанына қараша үйлер тігіліп, қазан қайнатылды. Жастар алтыбақан теуііп, асық ойнаған балалар тойдың көркін қыздырды.

Кітапханашы Ә.Сағатқызы «Әз Наурыз — татулық  мерекесі» атты кітап көрмесін  көпшлік қауымға  таныстырып, қазақ халқының тағылымды салт-дәстүрлері мен қазақтың көнеден келе жатқан  Наурыздың  тарихи таңбалары мен  Наурыз күнбелгілеріне,  сондай– ақ «Наурыз», «Наурызнама», «Қазақтың салт-дәстүрлері»,  С.Ерғалидің «Нау мен Ырыс», «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» атты томдық  кітаптарға  шолу жасады.  Көрмені аудан тұрғындары тамашалап, ризашылықтарын білдірді.