«Кітап — рухани ұлы күш» атты викториналық ойын

01.04.2022 Выкл. Автор editor
«Кітап — рухани ұлы күш» атты викториналық ойын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Соған орай 2сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні аясында Бірлік ауылдық кітап­ханасы 1 сәуір күні «Балалар – кітап әлемінде» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Кітап — рухани ұлы күш» атты викториналық ойын өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру, тілін құрметтеуге және әдебиетті сүюге баулу. Көрмеге балаларға ар­нал­ған классик жазушы­лар­дың туындылары, халық ауыз әде­биетінің озық үлгілері, бүлдіршіндерге а­рналған ертегі кітаптар қойылды. Сондай-ақ кітапханамыздың кіш­кентай оқыр­мандары үшін «Книж­ки-малышки» серия­сымен шық­қан кітап­ша­лар да көрме сөрелерінен орын алды. Викторина «Асу»,»Белес», «Шың» атты үш бөлімді қамтыды. Онда Асуға шығып, Белестен асып, Шыңға көтерілген оқушылардың ой-өрісі байқалды.  Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды. Жаңылтпаш айтудан жарыса ой жүйрігін алға тартты. Сонымен қатар, балалар сана-сезімінің тапқырлығы анық көзге түсіп, көңілімізге мол әсерін тигізді. Ақын Мадияр Оспанов кітап жайлы даналық сөздерін оқып берді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру жағынан көзге түскен үздіктер анықталды. Шараны ұйымдастырушы, кітапханашы Күләш Сұлтанбаева қатысушы талғампаздарға алдағы үлкен белестеріне деген ыстық ықыласын білдіре отырып, болашағына сенім білдіріп, өз атынан тәттілер таратып, ерекше сый-сияпатын табыстады. Шарамыздың жеңімпаздары:          1)Рахыш Әлихан 7сынып, 2)Сағатова Жазира 6 сынып,

3) Әріпбек Балнұр 5сынып,  4) Ходжаназар Заңғар 3 сынып