«Тарихи тұлға» атты кітап көрмесі

01.04.2022 Выкл. Автор editor
«Тарихи тұлға» атты кітап көрмесі

Сунақата    ауылдық   кітапханасында   республикалық   «Бір ел –бір кітап» акциясы арасында  жалпыхалықтық  оқуға  ұсынылған  қоғам қайраткері, ұлт жанашыры  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына   арналып «Тарихи тұлға» атты кітап көрмесі жасалынып, оқырмандар назарына ұсынылды.

№194 орта мектебінің  5 сынып оқушылары  Махмут Ханзада  А.Байтұрсынұлының  «Адалдық диқаншысы», Ақынбайқызы Саялы «Егіннің бастары» өлеңін  мәнерлеп, жатқа оқыды.

Кітапханашы Р.Сәдірбаева   «Тарихи тұлға»  атты кітап көрмесіне  шолу жасап, ақынның өмірбаянына  мен шығармашылығына тоқталды.

Мақсаты:  Оқырмандарға  А.Байтұрсынұлының  шығармаларын, еңбектерін насихаттау.