«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбында кітапханаға экскурсия

01.04.2022 Выкл. Автор editor
«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбында кітапханаға экскурсия

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сәуір айының 1-і күні 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбында кітапханаға экскурсия жасалды.

Мақсаты: Кітапханамен таныстыру. Кітапхана туралы мәлімет беру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру. Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру. Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

Экскурсия барысында балалар кітапханашының  қазақ халқының ұлы тұлғалары және балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Балақайлар өздерін қызықтырған сұрақтарға тағылымды жауаптар алды. Кітапханашы балаларға келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды. Олар кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін білді. Балаларға кітапхана өте қатты ұнады және кітапханашы апайдың көрсетіп, оқыған кітаптары қатты қызықты болды.