«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» book-taim (кітап уақыты)

01.04.2022 Выкл. Автор editor
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» book-taim (кітап уақыты)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы жыл аясында 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай 1 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітап­ханасы ,,Таңғажайып кітаптар әлемінде,, атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» атты book-taim (кітап уақыты) шарасын өткізді. Шараға түске дейінгі уақытта «Фарида-Көркем» балабақшасының тәрбиеленушілері ұлттық тематика түрінде қатысса, түстен кейінгі уақытқа «Sana» бастауыш мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты: бүлдіршін кездерінен кітап оқуға қызықтыру, қызығушылықтарын арттыру, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Көрмеге балаларға ар­нал­ған классик жазушы­лар­дың туындылары, халық ауыз әде­биетінің озық үлгілері, бүлдіршіндерге а­рналған ертегі кітаптар қойылды.

Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды. Жаңылтпаш айтудан жарысты. Өз өнерлерін көрсетіп, кітап туралы тақпақтар оқып берді. Балалардың сана-сезімінің тапқырлығы анық көзге түсіп, көңілімізге мол әсерін тигізді. Ұлтымыздың заңғар жазушылары мен балалар ақынының шығармаларына деген оқушылардың біліктілігінің арқасында бүгінгі шарамыз қызықты өтіп, өз мәресіне жетті.