«Болашаққа кітаппен» атты тақырыпта мыйға шабуыл (зияткерлік ойын)

01.04.2022 Выкл. Автор editor
«Болашаққа кітаппен» атты тақырыпта мыйға шабуыл (зияткерлік ойын)

2022 жылдың 1 сәуір күні №2 кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай  «Болашаққа кітаппен» атты тақырыпта мыйға шабуыл (зияткерлік ойын) болып өтті.

Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.

Шара барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топ мүшелері өздерін таныстырды.1- топ Ойшылдар, 2-топ  Білгірлер, 3-топ Тапқырлар.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Жүргізілу барысы:

1.Таныстыру: «Үш топ өздерін таныстырады»

2.«Нақтылап ата» бұл кезеңде әр топқа екі шығарманың аты беріледі, сайыскер берілген шығарманын мазмұнын айту керек.

3.«Кім білгір?» сұрақ-жауап

4.«Жылдам жарыс». Оқиға кейіпкерлерін анықтау

Оқушылар белсене жауап берді. Сайыс соңында кітапханашы жаңадан келген әдебиеттерді  оқушыларға таныстырып, ұнаған кітаптарын оқушылар жаздырып алып кетті.