«Кітап – білім айдынындағы ақ кеме» медиа-таным

05.04.2022 Выкл. Автор editor
«Кітап – білім айдынындағы ақ кеме» медиа-таным

5 сәуір күні  №169 Н.Илялетдинов атындағы қазақ-орыс мектебінде 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Рая Бердалиева, мектеп кітапханашысы М.Бектұрованың қатысуымен READX жобасы аясында «Кітап – білім айдынындағы ақ кеме» атты медиа-таным өткізілді. Мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу. Шара барысында кітапханашылар З.Садыкова мен Ж.Тулешова оқушыларға READX жобасы жайлы түсіндіріп, оқушыларға кітапхана қорындағы қызықты кітаптармен таныстырды. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарының мазмұнымен таныстырып, қатарлас балаларға кітаптың қызық екенін түсіндіріп, кітап оқуға тартты.  Сынып жетекшісі Р.Бердалиева оқушыларды әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты өткізбей, кітап оқуға шақырды.