«Денсаулық өмір негізі» атты танымдық сағат

07.04.2022 Выкл. Автор editor
«Денсаулық өмір негізі» атты танымдық сағат

2022 жылдың  7 сәуір күні  №1 Кенттік кітапхана мен Кәусар балабақшасы бірлесе отырып денсаулық күніне орай «Денсаулық өмір негізі» атты танымдық сағат өткізілді.

 Шара  мақсаты: Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға мақсат қою арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау. Денсаулықты сақтау мәселесі жөнінде бүлдіршіндер  арасында ақпараттандыруды арттыру.Спортқа деген қызығушылығын  жоғарлату.

Шара барысында  «Кәусар» балабақшасында жоғары топ арасында  спорттық жарыс ұйымдастырылды. Балабақша тәрбиешісі Темірбек Сымбат бүлдіршіндерге  таңғы  жаттығуларын жасатты. Одан әрі топқа бөліп өз бақтарын сынады.