«Пайғамбар аттас ақын» танымдық сағат
29.03.2022Сүттіқұдық ауылдық кітапханасында 2022 жылдың 29 наурызында жерлес ақынымыз Жүсіп Қыдыровтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Пайғамбар аттас ақын» тақырыпта танымдық сағат өткізілдіі.
Шараның мақсаты: ақын Жүсіп Қыдыровтың өмірбаяны мен шығармаларын насихаттау, оқушыларға тереңірек таныстыру.
Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, ақынның өмірі жайлы шығармаларынан мағлұмат алды. «Пайғамбар аттас ақын – Жүсіп Қыдыров» тақырыпта кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге ақынның «Жайсаң жаз», «Гүл ашқан шақ» , «Мың бір күн» , «Ақ боз атты ақын» атты кітаптарына шолу жасалды. Ақын бұл кітаптарында замандастарының жан байлығын, сүйіспеншілік сезімін, сұлулықты,әдемілікті жыр етеді.