«Өнері өлеңмен нұрланған» атты поэзия кеші
28.03.202228 наурыз күні Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жүсіп Қыдыровтың 85жыл толуына орай «Өнері өлеңмен нұрланған» атты поэзия кеші өткізілді.
Мақсаты жергілікті ақын-жазушылардың өмірімен шығармаларын жаңа буын жас ұрпаққа насихаттау. Кешті кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, оқушылар ақынның «Жақсылар жайсаңдар», «Алтын бесік», «Құрдастар» т.б.өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Клуб үйінің әдіскері Ш.Сағынтаева ақынның «Кітан-ұшқан» атты өлеңінің туған жеріне арналғанын түсіндіріп, кешті қорытындылады .