“Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан” атты әдеби кеш

29.04.2022 Выкл. Автор editor
“Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан” атты әдеби кеш

 

Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан” атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін оқушылардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараға №169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектептің этнос өкілдері және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этнос аралық қатынастар жөніндегі Сарапшы Асхат Серікұлы  және кітапханашылар қатысты.

Әдеби кешіті аудандық кітапхана директоры Әсем Манапқызы ашып, аудандық мәдениет үйінің қызметкері К Әкімбаевның өзбек әнімен жалғастырды. Сондай-ақ сө кезегі №169 орта мектептің ұстазы Изатова Саламат, Этнос аралық қатынастар жөніндегі сарапшы Асхат Серікұлына берілді. Саламат апай үш тілде жиылған қауымды құттықтап, Ал Асхат мырза аудандағы этнос өкілдеріне мәлімет беріп жалпы  санына тоқталды.

Шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкері М.Дәрібаев «Тәуелсіздік толғауы» термесін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Біздің таңдауымыз бірлік, бейбітшілік келісім. Менің Елім-Мәңгілік Ел!- деп ұрандатқан №169 орта мектептің этнос өкілдерінің әні, биі, көркем сөз оқу өнерлері кезек-кезегімен орындалды.