«Балалар әдебиетінің күншуағы» атты  Адырбек оқуларының іс шарасы

04.05.2022 Выкл. Автор editor
«Балалар әдебиетінің күншуағы» атты  Адырбек оқуларының іс шарасы

4 мамыр күні Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі  аудандық тарихи өлкетану музейімен бірлесе отырып балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің күншуағы» атты  Адырбек оқуларының іс шарасы өткізілді.

Шараны музей қызметкері Құралай Дәрмен жүргізіп, ақының өмір мен шығармашылығына тоқталды. №169 мектептің 6 сынып оқушылары  ақынның «Менің әліппем», «Шешілген жұмбақ» атты кітабынан «Шаңырақ», «Кереге», «Көзілдірік», «Қоразға», «Домбыра» өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ Адырбек ағамыз орыс тілінде бірнеше өлеңдер жазған. Ол кітап «Полет на луну» болып жарыққа шыққан. Шарамызда осы орыс тілінді жазылған «Где храният конфеты?»  «Что сказет коза?» атты  өлеңін  4 сынып оқушылары мәнерлеп оқыды.

Адырбек Сопыбековтың жары  Шарипа апамыз  ақынынң қызықты естеліктеріне тоқталды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Б.Байкенжиевтің шығармашылық мектебінің жетекшісі  Ә. Байкенжиев автордың «Ақ гүлім», «Құда болып жүрейік» әнін нақышына келтіре орындады.

Балалар әдебиетінің күншуағына айналған Адырбек ағамызға  арнап  жерлесіміз ақын Ф. Сахиевтің   «Өлеңінен керемет сыр өрілген»  атты  арнау өлеңін аудандық кітапхананың кітапханашысы  Әсем Сағатқызы оқып «Балалар әдебиетінің күншуағы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шараны   Аудандық тарихи өлкетану музей филиалының  меңгерушісі  Ажар Мәжитқызы қорытындылады. Шараға 20 адам қатысты.

 

Мақсаты: Балаларға А. Сопыбековтің шығармаларын насихаттау, оқырмандарымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп адамгершілік қасиеттерге баулу.