«Бала мінезді ақын» атты сыр – сандық пен кітап көрмесі

05.05.2022 Выкл. Автор editor
«Бала мінезді ақын» атты сыр – сандық пен кітап көрмесі

2022 жылы 5 мамыр  күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектепте, сол мектептің 6 г сынып оқушыларының қатысуымен балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың 85 жыл толуына орай «Бала мінезді ақын» атты сыр – сандық пен кітап көрмесі болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды ақынның шығармаларын, мысалдарын түсініп оқуға, танымдық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен жазуын дамыту.

Адырбек Сопыбеков қазақ әдебиетіне, балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан көрнекті ақын, қаламгер ретінде белгілі. Оның өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» енген. Сонымен қатар ақынның шығармалары орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Шара барысында кітапханашы «Балалар әдебиетінің абызы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Сыр – сандық сұрақ жауап ойынына оқушылыр белсенділікпен қатысып, ақынның өлеңдерінен үзінділер айтылып, сол қай өлеңнің үзіндісі екенін тауып айтты. Дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Оқушылар таласа жауап берді. Соңында  Адырбек Сопыбековтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтты.

Қорытынды сөзді әдебиет пәнінің мұғалімі Динара Пирманова қорытындылады.