«Көркем сөз әлемінің кемеңгері» атты онкүндіктің қорытынды кеші

05.05.2022 Выкл. Автор editor
«Көркем сөз әлемінің кемеңгері» атты онкүндіктің қорытынды кеші

5 мамыр күні Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың оқузалында ақын Адырбек Сопыбековтың 85 жылдығына орай «Көркем сөз әлемінің кемеңгері» атты онкүндіктің қорытынды кеші болып өтті.

Шараны Әлем Халықтары Жазушылары, Халықаралық «Дүние таланттары» Одағы, Қырғыз ақын-жазушылары және Орта Азияның «Янги Овоз» Әдебиетшілер мен  тарихшылары Қауымдастығының мүшесі Мадияр Оспановтың ақынға арнауымен ашылды. Іс-шараға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы З.Шермағамбетов, жазушы-ақын, Халықаралық Жазушылар және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған кентінің құрметті азаматы Файзулла Сахиев, кітапхананың тұрақты оқырманы, зиялы зейнеткер Әбибулла Шерімбетов, Адырбек Сопыбеков ағамыздың жары Шарипа апайымыз, зейнеткер Қ.Сопыбеков М.Көкенов шығармашылық өнер мектебінің директоры У.Ибрагимов және Ә.Байкенжеев, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің студенттері мен №125 С.Сапарбеков атындағы мектеп оқушылары мұғалімдер,  БАҚ өкілдері және кітапханашылар қатысты.

Онкүндік шарада «Сырдың азаматы, өнердің қағанаты» атты  аудандық байқаудан  1 орын алған №51 мектептің 2 сынып оқушысы Оразбек Бақдаулет Адырбек атамыздың  «Сапар мен парта», сонымен қатар 2 орын алған №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Тұрсынбек Інжу өлеңдерін нақышына келтіре орындады.