«Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кітап көрмесі

06.05.2022 Выкл. Автор editor
«Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кітап көрмесі

6 мамыр күні Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 7 — 9 мамыр — Жеңіс күніне орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кітап көрмесі М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің фоесінде жасақталды.

Мақсаты: Оқушылардың отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқырмандарға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

«Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кең көлемді кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдебиеттерге Т.Бегильдинов «Аспандағы айқастар», Е.Елғон «Жаһандық соғыстың ерлігі», «Қаһарман қыз Хиуаз» М.Ғабдуллин «Менің майдандас достарым», С.Бекенов «Қазақ тұтқыны», сонымен қатар А.Құрбанов «Жаңарық жауынгерлері», «Қызылордалық қаһармандар», «Есімдері ел есінде» т.б. кітаптарға кең көлемді шолу жасалды. Сонымен қатар, қатысушыларға 2-дүниежүзілік соғыс жылдары фашистік Германияға тұтқынға түскен, кейін партизандық соғысқа араласып елге келгеннен кейін тағдыр тәлкегіне түсіп,  сталиндік қуғын-сүргін азабын көрген қазақ жауынгері С.Бекеновтің бастан өткерген ерліктері және және «Қанатты қыз» атанып кеткен ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың Отан қорғаудағы ерліктерінен кеңінен ақпараттар берілді.

Көрмеге Ұлы Отан соғысының отты жылдарына ардагерлердің өздері куә болып жазған кітаптары қойылған.