«Отбасы — өмір аясы» атты өнеге сағаты

13.05.2022 Выкл. Автор editor
«Отбасы — өмір аясы» атты өнеге сағаты

2022 жылдың  13 мамыры күні Бесарық ауылдық кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында  «Отбасы — өмір аясы» атты өнеге сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын насихаттау,  отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіріп, ұлттық ділі мен тілін, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген отаншылдық  рухы  жоғары ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге баулу.

Өнеге сағатында кітапханашы «Отбасы — адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, яғни отбасы-қоғамның  ең кіші бөлшегі  екендігін айтты.  Шара  барысында оқырмандар өз ойларын айтып, пікірлерін ортаға салды.