«Кітап алтын қазынам» атты кітапханада буккросинг
29.04.20222022 жылдың 29 сәуір күні Манап ауылдық кітапханасы «Оқы және өзгеге ұсын» жобасы аясында «Кітап алтын қазынам» атты кітапханада буккросинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру.
Шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты. Манап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарына арналған «Буккроссинг» ұйымдастырылды. Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы болып табылады. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшілігі – кітаптың назардан тыс қалмай, қайта айналымға енуінде. Оқушылар оқыған кітаптарын кітапханада орналасқан кітап сөресіне келесі оқырманға қалдырып кетеді.