«Рухани жаңғыру — болашақ білімдінің ғасыры» атты дөңгелек үстел
24.05.2022Жаңақорған аудандық орталық ұйымдастыруымен кент және ауылдық округі әкімі аппараты заңгерлерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру — болашақ білімдінің ғасыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты ақпарат бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдіру.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген халқымыздың өсіп өнуіне және дамуына бағытталған төрт бағыттың әрқайсысына тоқталып, жеке-жеке түсіндірілді. Сондай-ақ, рухани жаңғыру халықтың рухын, туған жерге деген адал сезімнің биік болуға шақыратындығын, Қазақстанның болашағы үшін үлесі зор екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына, «Заманауи Қазақстанды өз қолымен, күшімен және талантымен жасап отырған адамдардың нақты бейнесін қоғамға көрсетуге» қатысты өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қарастырды.