«Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық кітаптың тұсау кесер салтанаты

16.06.2022 Выкл. Автор editor
«Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық кітаптың тұсау кесер салтанаты

16 маусым күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық кітаптың тұсау кесер салтанаты болып өтті.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, студенттер, кітапханашылар «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілері қатысты

Шара барысында «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы міндетін атқарушы Баян Үсейнова шараны ашып, облыстық «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаевқа, ақын Ф.Сахиевке,  ардагер журналист П.Айнахожаевқа және  кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Ә.Шерімбетовтерге және аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергеноваларға сөз беріліп өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ облыстық «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев, журналистикаға еңбегі сіңген ардагерлерді П.Айнахожаев, Ф.Сахиевтерді «Алғыс» хаттарымен марапатталып, тұсау кесу лентасын Файзулла Сахиев ақ батасымен кесті.