«Көңіл көктемі» атты шығармашылық кеш

15.06.2022 Выкл. Автор editor
«Көңіл көктемі» атты шығармашылық кеш

Сунақата   ауылдық кітапханасында  15  маусым күні   ҚР  Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі, ақын Алматы ақшамы газетінің бас редакторының бірінші орынбасары  Әуелбеков  Әнуарбектің  «Көңіл көктемі» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Шараны Сунақата  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанболат Ерсұлтан   Махметжанұлы   ашып, ізгі тілектерін  білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Жүргізуші Қ.Дүйсенбай ақынның өмір   деректерімен  таныстырып  ақын Әнуарбек Исламханұлын сахна төріне шақырды. Әнуарбек Исламханұлы сөз алып, өзінің шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Өнерпаз Мұхит Әбеннің орындауында «Мен қазақтың баласы», Аманкелді Қансейітовтың орындауында Әнуарбек Әуелбектің   «Сығанақ  сазы»  әндері көрермендер ықыласына ие болды. Сондай-ақ клуб қызметкерлері ақынның шығармашылығынан өлеңдерін оқып, ауыл әкімі аппаратының бас маманы Ерсұлтан Жанболат аудан әкімі М.Тілеуімбетовтың «Құттықтау хатын» табыс етті. Сунақата ауылдық клубының директоры Т.Қалымбетов,№242 мектеп директоры Б.Еримбетов,көпбалалы ана Р.Сариевалар ақынға арнап көрікті ойларын айтып, сый-сыяпаттарын жасады.

Кештің қадірменді қонақтары  Жаңақорған ауданының құрметті азаматы,  аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық» бірлестінің төрайымы Әзия Қыстаубаева, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Баян Үсейіновалар Әнуарбек Әуелбекке ізгі тілектерін білдіріп, шығармашылық табыстар тілей отырып, «Көңіл көктемі» атты жыр  кітабының тұсауын кесті.