«Даланың даусы – домбыра» атты домбыра пати
01.07.2022Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Даланың даусы – домбыра» атты домбыра пати ұсынылды.
Мақсат – өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу. Жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – музыка өнеріне баулу.
Домбыра – қазақтың жаны. «Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі» — деп сипаттады академик А. Жұбанов. Ол халқымыздың мұңы мен қайғысын, қуанышы мен күйінішін, тұрмыс — тіршілігін, арман — тілегін, батырлардың ерлігін, салт — дәстүрін, қазақтың кең сахара даласын, сұлу табиғатын, тарихи аңыз күйлер арқылы суреттеген, атадан балаға, ұрпақтан — ұрпаққа осы заманымызға дейін мұра болып қалған, қазақтың киелі аспабы қасиетті қара домбыра десек қателеспейміз. Домбыра өнері, яғни күй дәстүрінің өркендеуін дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдау мақсатында өтілді.
Жас өнерпаздарының орындауында күй тартылып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай –ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.