«Ешкімге ұқсамайтын дара тұлға» тақырыпта поэзия кеші
24.06.2022Сүттіқұдық ауылдық кітапханасында2022 жылдың 24 маусым күні ақын жазушы Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Ешкімге ұқсамайтын дара тұлға» тақырыпта поэзия кеші өткізілді.
Кештің мақсаты: Оқырмандарды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу. Оқырмандарды танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой — өрісін арттыру; сөздік қорын молайту; мәнерлеп сауатты оқи білуге және оқыған мәтінді түсінуге баулу. Оқырмандарды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, оқушылар ақын өлеңдерінен жатқа айтты. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.«Бәрінен де сен сұлу» , «Туған жер» өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті.»Туған жер» өлеңін мәнерлеп жатқа айтқан Серік Айым.Соңынан кітапханашы ақынның кітаптарымен таныстырды.