«Бақытты ана – бақытты отбасы» атты жылжымалы кітап көрмесі
30.06.2022Жаңақорған шипажайының мәжіліс залында «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Бақытты ана – бақытты отбасы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Осыған орай Жаңақорған шипажайының фойесінде аудандық орталық кітапхана «Бақытты ана – бақытты отбасы» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырып, онымен аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова таныстырып шықты.
Шараға Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, Қызылорда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Алмашева Манат Тамабайқызы, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Каримова Қаламқас Арыстанқызы, Облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Әлиева Айгерім Икрамқызы, Батыр ана, алтын алқа иегері Мырзабаева Қуаныш Ахметқызы, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, Облыстық неміс этно мәдени бірлестігінің басшысы Шек Ирина Николаевна және аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, ауданымыздағы көп балалы және кәсіпкер аналар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты: Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген аналардың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін насихаттау.