«Домбыра – бабадан қалған мұра» тақырыбында күй сағаты

05.07.2022 Выкл. Автор editor
«Домбыра – бабадан қалған мұра» тақырыбында күй сағаты

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 шілде күні Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – бабадан қалған мұра» тақырыбында күй сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспабы домбыраның тарихы туралы мәлімет бере отырып, көпшілікке кеңінен насихаттау. Төл өнерімізді, қасиетті домбыраның қазақ елі үшін маңыздылығын түсіндіру.

Кітапханашы А.Көшербаев көпшілікті Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақтың киелі музыкалық аспабы домбыраның шығу тарихы, домбыра жайлы мәлімет беріп өтті.  Күй сағатына Түгіскен балалар өнер мектебінің шәкірттері мен клуб үйінің жанынан құрылған «Домбыра» үйірмесінің оқушылары қатысты. Бейбітқызы Сәния Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол!» күйін, Болат Бақберген «Ерке сылқым» күйін, Ақмырзаева Еркенұр мен Бейбітқызы Сәния «Кеңес күйін» домбырашылар тобы «Балбырауын» күйін орындады.