«Жемқорлықтың жолын бірге кесейік» атты дөңгелек үстел

27.07.2022 Выкл. Автор editor
«Жемқорлықтың жолын бірге кесейік» атты дөңгелек үстел

Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Дүйсенбаева Жаннұр Наурызханқызы және дербес бөлім заңгерлерінің қатысуымен кітапхананың коворкинг орталығында «Парасат жолы» жобасы аясында «Жемқорлықтың жолын бірге кесейік» атты дөңгелек үстел болып өтті.

«Кітапханалар мен кітапханашылар бүгінгі алмағайып, күрделі, күрмеулі кезеңдерде нағыз ағартушылық рөл атқарып келеді. «Антикордың атасы – әдебиет, коррупцияға қарсы күрестің көкесі-көркем шығармалар» деген пікірде сөз бастаған кітапханашы М. Кадирбергенова сыбайлас жемқорлыққа байланысты баяндама оқып, Ж. Дүйсенбаева сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстармен алда атқарылатын жұмыстарына кеңінен тоқталды. Заңгерлерге сұрақтар қойып пікір алмасу болды.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты кітапханамыздағы кітаптар көрмеге қойылып сол кітаптармен заңгерлер танысты.

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағұлмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.