«Жемқорлық ~ саяси әлеуметтік қиын құбылыс» атты ақпараттық сағат

22.07.2022 Выкл. Автор editor
«Жемқорлық ~ саяси әлеуметтік қиын құбылыс» атты ақпараттық сағат

2022 жылдың  22 шілде күні Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жемқорлық ~ саяси әлеуметтік қиын құбылыс» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Шара барысында мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық тудыратын қылмыстарға қарсы жұмыстардың қалай жүргізілетіндігі, сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша қолданылатын шаралар туралы сұхбат жүргізілді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңнамалық шаралар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендетуге бағытталғаны атап көрсетілді.

Шараны қорытындылай келе мамандар өздерінің ой –пікірлерін ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түсіндірме шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.