«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыпта акция
29.07.2022Сүттіқұдық ауылдық кітапхана мен клуб үйінін ұйымдастыруымен 29 шілде күні мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыпта акция өткізілді.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қоғамның назарын аударту. Сондай-ақ, мүмкiндiгi шектеулi жандарды қоғамға бейiмдеп, олардың еңсесiн тiктеп, өзгелер секiлдi өмiр сүрулерiне қолайлы жағдай жасау, оларға қолдау көрсету, шығармашылығын бағалау, ынталандыру арқылы олардың әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу, мүгедек адамдардың өмiрi мен мәдениетiне қоғамның назарын аудару, оң көзқарас қалыптастыру, шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Шараны ауыл әкімі Абдуллаев ашып, мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды. Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар үлестірілді.