«Ұрпақ жақсысы ұядан» атты әңгіме сағат

13.09.2022 Выкл. Автор editor
«Ұрпақ жақсысы ұядан» атты әңгіме сағат

13 қыркүйек  Халықаралық Отбасы күніне орай  Бірінші кенттік кітапханасы «Арман мәдениет үйі» мен бірлесіп  «Ұрпақ жақсысы ұядан» атты әңгіме сағат ұйымдастырды.

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

Шараны Ш.Мырзалиев «Арнау тілек» әнімен ашып беріп, кітапханашы Ұ.Иманбаева «Отбасы – шағын мемлекет», «Отан – отбасынан басталады» деп  үлгілі отбасы қонақтары  Сайлаухан Жартыбаев  жары Бәтима апамыз   бен Әбдіжолдас  Шотайұлы  жары Гүлбаршын апамызға сөз кезегін беріп,  әңгіме сағатымызды қонақтарымыз өз  өмір жолдарынан бастады. Сонымен қатар  қазақ халқының қай салт – дәстүрлері отбастарыңызда сақталған деген сұраққа қонақтарымыз мүдірместен, жауап берді.  Әу демейтін қазақ жоқ деп Сайлаухан атамыз «Дариха шіркін» әнін паш етсе, Әбдіжолдас атамыз жастарға батасын берді. Кітапханашы Ә.Сағатқызы «Ұрпақ жақсысы ұядан» атты кітап көрмемен таныстырып, С.А. Ынтымақова «Отбасы құқығы» және «Неке және отбасы»  атты кітаптарға ерекше тоқталды. Әңгіме сағатымызды «Асыл әжелер» ансамбілі «Арыс жағасында» және Ертаев Рашит «Ауылға барам» атты  әсем әнмен  қортындылап,   шара соңы естелік суретке түсуге ұласты.