«Елдің асыл тірегі – Ата Заң»  атты кітап көрмесі

29.08.2022 Выкл. Автор editor
«Елдің асыл тірегі – Ата Заң»  атты кітап көрмесі

29 тамыз күні №1 кенттік кітапханасың ұйымдастыруымен 30 тамыз Конституция күніне орай «Елдің асыл тірегі – Ата Заң»  атты кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің Ата Заңы жөнінде түсінікті тереңдету, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.

Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына  биыл 27 жыл толып отыр.  Осыған орай кітапханашы Ата заңымыздың шығу тарихына тоқталып, «Елдің асыл тірегі – Ата Заң»   атты кітап көрмемен таныстырды. Көрмеге «Қазақтың Ата заңдары», С.А. Табановтың «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының тарихи-құқықтық сабақтастары», Қ.И.Оспановтың «Құқық негіздері»  және «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітаптарға ерекше тоқталды.