«Тіл-халықтың сан ғасырлық тарихы» атты өлеңдер оқу

05.09.2022 Выкл. Автор editor
«Тіл-халықтың сан ғасырлық тарихы» атты өлеңдер оқу

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйек айының 5-і күні тілдер күніне арналған «Тіл-халықтың сан ғасырлық тарихы» атты өлеңдер оқу өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу.

Шараға 4-6 сынып оқушылары қатысты. Шара әнұран айтудан басталып, кітапханашы оқушыларға тіл мерекесі жайлы мағұлматтар берді. Оқушыларға тілге байланысты мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылды.