«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі
05.09.20225 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасы ҚР-ның тілдер күніне орай «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой — өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан кітапханашы Ә.Сағатқызы келешек ұрпаққа «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты кітап көрмемен таныстырып, қазақ тілінің құдіреттілігін, дәрежесін, байлығын баяндайтын тіл тақырыбындағы әдебиеттерге ерекше тоқталды. Сондай-ақ көрмеге мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар мен тіл туралы журналдар және нақыл сөздер қойылды.