«Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік ойын
05.09.2022Бірлік ауылдық кітапханасы 2022 жылдың 5 қыркүйек күні С.Қожанов атындағы N55 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмас Алайдаровпен бірлесіп Тіл мерекесіне орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Мақсаты: Жас ұрпаққа тіліміздің қадірі мен қасиетін таныту,оны құрметтеуге баулу, ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыру, ойын батыл, пікірін жатық айта білуге дағдыландыру, бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға бейім болып қалыптасуына ықпал ету.
Ойын 5 кезеңді қамтыды. Таныстыру, «Күлдіргі жұмбақ»сайысы, «Даналық сөзден дән ізде»(Бұл бөлімде тілге қатысты мақал- мәтелдердің жалғасын табуы қажет), «Сұрақ бізден-жауап сізден», «Айшықты сөздер»(Бұл кезеңде бірнеше сөз тіркесі беріледі, оқушылар жауабын бір сөзбен айтуы керек)
Ойын барысында оқушыларымыз екі топқа, «Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобына бөлінді. Екі топтағы сайыскерлер де өз қырағылықтарымен топтарын алға сүйрей білді. Нәтижесінде «Тапқырлар» тобы ұпай саны бойынша жеңіске жетті.