«Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы» атты кітап көрмесі

24.03.2022 Выкл. Автор editor
«Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы» атты кітап көрмесі

24 наурыз күні Қандөз ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы» атты кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқырмандарды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

Көрмеде әлемге әйгілі роман – эпопея «Абай жолы» үздік туындысы, сонымен қатар «Абайды білмек парыз ойлы жасқа», «Көксерек», «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Кінәшіл бойжеткен», «Лихая година», «Красавица в трауре», «Қорғансыздың күні» т.б еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.