«Жарықты жүрекпен сезетін жандар»

13.11.2022 Выкл. Автор editor
«Жарықты жүрекпен сезетін жандар»

13 қараша күні Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық  кітапхананың ұйымдастыруымен  зағип жандардың тыныс-тіршілігін насихаттау мақсатында  «Жарықты жүрекпен  сезетін жандар» атты әдеби кеш өтті.

Кешті кітапханашы жүргізіп, ауданның құрметті азаматы, зейнеткер, ұстаз З.Шермағамбетов, аудандық кітапхананың директоры Әсемкүл Манапқызына берілді. Жаңақорған ауданының  құрметті азаматы, ақын, мәдениет майталманы Ф.Сахиев зағип жандарға жылы арнауын  білдіріп, «Зағиптар қоғамы» аудандық филиалының төрағасы А.Ағманов «Ақ әжелер ансамблі» әсем әуенімен көпшілік назарынан шықты. М.Мақатаевтың «Жанарсыз адам» өлеңін Айнұр Саттарқызы нақышына келтіре орындады.

Жаңақорған тынысы газетінің бас редакторы Б.Үсейінова, ауданның Құрметті  азаматтары, Ә.Шерімбетов, А. Қыстаубаеваға сөз кезегі берілді. Шара соңында Зағиптар қоғамының мүшесі  А.Сүлейменнің   «Қазақ жастары» әнімен аяқтадық.

Шараның мақсаты: Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, зағиптар мен нашар көретін жандарға барынша қолдау көрсету, басқа азаматтармен бірдей дәрежеде ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беру.