«Сыр елінің ерке ұлы – Нұрберген»

15.11.2022 Выкл. Автор editor
«Сыр елінің ерке ұлы – Нұрберген»

15 қараша күні  жерлес ақын, сазгер, термеші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Нұрберген Тастаевтың 65 жылдығына орай  «Сыр елінің ерке ұлы – Нұрберген» атты әдеби сазды кеші  ұйымдастырылды. Шараға аудандық оқушылар үйінің оқушылары мен «Өлкетану» бірлестігінің жетекшісі З.Әлімбекова, ақынның қызы Гүлназ Нұрбергенқызы Тастаева, замандастары ардагер Болғанбаева Сырғакүл, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жаңақорған ауданының Құрметті Азаматы Зинабдин Шермағамбетов, туысы  Сейдеметов Елеусіз  қатысып, сазгер туралы естеліктерімен бөлісті. Өнер мектебінің ұстазы Құралай Қалиеваның сүйемелдеуімен оқушылар Нұрбергеннің әндерін орындап, жерлес ақындар А.Сопыбеков пен Ф.Сахиевтің сазгерге арнаған өлеңдерін  оқыды.