«Озық оқырман»

16.11.2022 Выкл. Автор editor
«Озық оқырман»

Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың Оқырмандарға Қызмет Көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапханамыздың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Үздік формуляр иегері» жобасы аясында «Озық оқырман» сайысын өткіздік. Сайысқа № 125 С.Сапарбеков атындағы мектеп, №3 мектеп интернаттың оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысып, нәтижесінде «Озық оқырман – 2022» номинациясымен №3 мектеп интернатының 9 сынып оқушысы Аманбай Диана марапатталды.

Шараның мақсаты: Ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.