«Өлеңнің елшісі өзіңсің әлемде»

16.11.2022 Выкл. Автор editor
«Өлеңнің елшісі өзіңсің әлемде»

16 қараша күні Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық кітапханасы мен «Көркем көз» үйірмесінің жетекшісі Зиятова Сайра «Сардар клуб» мүшелерінің қатысуымен ақын, жазушы Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Өлеңнің елшісі өзіңсің әлемде» атты жыр кеші болып өтті. Мақсаты: Оқырманға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Шараға  «Сардар клуб» мүшелері қатысып, оқушылар ақынның «Мен саған өкпелемеймін» әнін орындаса,  «Бәйтерек»,  «Ақ пен қара», «Достық туралы», «Жайықпен жүздескенде» т.б.  өлеңдерін оқып  поэзияға  деген  сүйіспеншіліктерін көрсетті. Шара соңында кітапханашы Ш.Әлжан «Ғасырдың  үні  болған – ұлы ақын» атты   кітап көрмесіне шолу жасады.