«Сыршыл жырдың иесі «атты еске алу кеші

27.01.2023 Выкл. Автор editor
«Сыршыл жырдың иесі «атты еске алу кеші

А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өлке тұлғалары» жобасы аясында ұлағатты ұстаз «Қазақ ҚСР Оқу ісінің үздігі», «Күміс алқа «иегері, ауданның «Құрметті азаматы», қаламгер, ақын Хадиша Баязитованың туғанына 85жыл толуына орай «Сыршыл жырдың иесі «атты еске алу кеші өтті.

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шараға ұстаздық кезінде бірге қызмет еткен әріптесі, ел ағасы, ауданның құрметті азаматы З.Шермағамбет, Х.Баязитованың шәкірті №221 Аққұм мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі педагог-зерттеуші Б.Жоланов, №125 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, Хадиша анамыздың ұрпақтары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара барысында А.Сопыбеков атындағы кітапхананың директоры А.Тилеубергенова шараны ашып ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы тоқталып кетсе, З.Шермағамбетов, ақынның қызы, «Жаңақорған газетінің «бас редакторы Б.Үсейінова, Б.Жоланов, және «Ақ әжелер»ансамблінің мүшелері өз естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ Әлем Халықтары Жазушылары Халықаралық «Дүние таланттары» Одағы, Қырғыз ақын-жазушылары және Орта Азияның «Янги Овоз » Әдебиетшілер мен тарихшылары Қауымдастығының мүшесі М.Оспанов ұстазға арнауын оқып, М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкері, термеші М.Дәрібаев «Ана өсиеті» атты термесін, №125 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды. Шара соңында ақынның қызы А.Үсейінова ақынның сөзіне жазылған «Қоштасу вальсі» атты әнін шырқады.