«Құпия есіктің кілтін ашқан қаламгер» атты кітап көрмесі
22.02.20232023 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында, Адырбек Сопыбеков атындағы орталық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Құпия есіктің кілтін ашқан қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Кітап көрмесіне Т.Әбдіктің «Өліара», «Айтылмаған ақиқат», «Әке», «Таңдамалы», «Қонақтар» т.б. кітаптары, әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары қойылды.
Шарада кітапхана мамандары кітап көрмесімен оқырмандарға жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Парасат майданы» шығармасына кеңірек тоқталып өтті.