«Салауатты өмір – денсаулық кепілі» денсаулық сағаты
07.04.2023
7 сәуір күні А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен, аудандық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Б.Кадирова, №169 Н.Илялетдинов атындағы мектептің 9-10 сынып оқушылары, кітапханашыларының қатысуымен «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» атты денсаулық сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту; адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы М.Кадирбергенова денсаулық жайында кеңінен айтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Б.Кадирова оқушыларға ақыл кеңесімен бөлісті.