«Мен сені кітапханаға апарамын» отбасылық экскурсия

15.05.2023 Выкл. Автор editor
«Мен сені кітапханаға апарамын» отбасылық экскурсия

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  15 мамыр күні  Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы. Кітап. Кітапхана» жобасы аясында «Мен сені кітапханаға апарамын» тақырыбында кітапханамыздың тұрақты оқырманы Жексенбаев Мәдидің отбасымен отбасылық экскурсия өткізілді.

Мақсаты: Балалардың ой – өрісін кеңейту, кітап әлеміне қызықтыру, ынтасын арттыру, кітап оқуға баулу. Отбасылық кітап оқуды насихаттау.Отбасы мүшелеріне жанұялық оқу мәдениеті – білімді кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.

Кітапханашы А.Көшербаев мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқтала отырып, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Жексенбаев Мәди мен оның жұбайы Қожабаева Ләззатқа, қызы Айкүн мен ұлы Ыбырайымға кітапханамыз жайлы мәлімет бере отырып, балаларға арналған әдебиеттермен, кітапхана қорындағы түрлі сала бойынша орналасқан кітап қорымен таныстырды.