«Сырдың парасатты перзенті» атты библиопост

16.05.2023 Выкл. Автор editor
«Сырдың парасатты перзенті» атты библиопост

Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Исатай Әбдікәрімовтың 100 жылдығына орай «Сырдың парасатты перзенті» атты библиопост ұсынылды. Ел үшін еңбек еткен қоғам қайраткерінің өмірі мен қызмет жолын жастарға насихаттау мақсатында тұлға жайлы естеліктер айттылды. Ел басқарған ер тұлға  Сыр елінде дүниеге келіп,  аймақтағы бірнеше аудан орталығын, еліміздің Жоғары Кеңесін басқарды. Сүрінгенді сүйеп, жығылғанға демеу берген, көптің алғысын арқалаған үлкен жүректің иесі Истай Әбдікәрімовтің өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге.