«Сыр бойының саңлағы» атты әңгіме сағат

16.05.2023 Выкл. Автор editor
«Сыр бойының саңлағы» атты әңгіме сағат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 16-сы күні Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Сыр бойының саңлағы» атты әңгіме сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметін таныстыру. Туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларға Т.Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Шарадакітапханашы оқырмандарға Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі жайлы таныстырса, оқырмандар Т.Жүргеновтің қазақ білімі мен өнеріне қосқан сүбелі үлесі туралы көптеген мағлұматтарға қанық болды.  Қаламы қарымды қаламгердің, өмір жолы, заман болмысының бет – бейнесін анықтайтын хикаяттары, құнды еңбектері туралы слайд арқылы танысып, мәліметтер алды.