«Қонақтар» әңгімесіне талдау

17.05.2023 Выкл. Автор editor
«Қонақтар» әңгімесіне талдау

Қыраш ауылдық кітапханасымен №180 орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесіне талдау жасалынды.

Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындылары оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаянымен таныстырып, оқушылар әңгіме желісі бойынша қойылым қойып, түйген ойларын ортаға салды. Әңгіменің мазмұнына композициялық талдау жасалынды. Шығарма желісі бойынша Бауыржанұлы Ернұр сурет салды. Шара соңында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова мен №180 орта мектебінің директоря Ш.Оспанова кешті қорытындылап,өз пікірлерін білдірді.